"Не жеңемін, не өлемін": Қамауға алынған оппозиционер Жыланбаев аштық жариялады
Қамауға алынған оппозиционер Марат Жыланбаев аштық жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол дегеніне жеткенше нәр татпайтынын айтты.
"Адамдар менің еш кінәм жоқ екенін көргенін және соттың ашық өткенін қалаймын. Сондай-ақ кеше мен аштық жарияладым. Дегеніме жеткенше нәр татпаймын. Не жеңемін, не өлемін", - деді ол.
Мырат Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" және "экстремистік ұйымды қаржыландыру" бабы бойынша күдікке ілініп, мамыр айында қамалған еді.
Айта кетейік, бұған дейін белсенді өз ісіне қатысты соттың жабық өткенімен келіспей, наразылық белгісі ретінде аузын тігіп тастаған болатын. Ал тергеу изоляторының әкімшілігі оның аузындағы тігістерді күштеп алып тастаған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі