Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не себепті пойыздар жиі кешігеді – "Қазақстан теміржолы" басшысы жауап берді

Қазақстандықтар пойыздардың кешігіп жатқанына жиі шағымдана бастады. Премьер-министр бұл мәселені үкімет отырысында көтеріп, “Қазақстан теміржолы” басшысынан мұның себебін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қазақстан теміржолы

“Қазақстан теміржолы” директоры Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, бұл теміржол жолдарын жөндеуге байланысты. Сондай-ақ ол азаматтарды мәселеге түсіністікпен қарауды сұрады.

“Біздің компанияда бұл мәселе ерекше бақылауда. Ол жол жөндеу мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты. Соңғы жылдары жол жөндеу жұмыстарын екі есеге арттырдық. Жолаушылардан кешірім сұраймыз және жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз”, – деді Нұрлан Сауранбаев. 

Үкімет басшысы қазақстандық теміржол вокзалдарының жағдайын да назардан тыс қалдырған жоқ. Мәселен оның 59-ының 54-і жөндеуді қажет етеді. Бұл шамамен – 90%. Осыған байланысты Бектенов бірқатар тапсырмалар берді.

“Көлік министрлігі мен "Қазақстан теміржолы" компаниясы инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың және қаржыландыру көздерін анықтаудың нақты тетіктерін әзірлеуі керек. Бұл магистральдық теміржол желісі мен станцияларды жөндеуге де қатысты. 2028 жылы жеңіл автокөліктер паркі үш мың бірліктен асып, ішкі сұранысты толығымен өтейді. Дегенмен жеке тасымалдаушылар вагондарын жаңартуда қиындықтарға тап болып жатыр”, – деді премьер-министр Олжас Бектенов.

Талқылау