Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не себепті баланы ұйқыға 21:00-ден кеш жатқызуға болмайды?

Бала кезімізде бәріміз де: «Сағат 9 болды. Балалар уақыты аяқталды!» – дегенді аз естіген жоқпыз. Алайда заман өзгерді. Онымен қоса балалар да өзгерді. Егер бұрындары балалар сағат 9-да ұйқыға кетсе, бүгінгінің балалары ол уақытта ұйықтау киімдерін де іздемейді.

e2138a46b98f037ccdd6134a91bc0f49

Бала ұйқыға ертерек жатуы тиіс. Неге екенін білесіз бе? Себебі өсу гормоны ұйқының төртінші кезеңінде дамиды. Яғни, шамамен 9-да ұйықтаған баланың өсу гормоны 00.30-да іске қосылады. Өзіңіз де түсінген боларсыз, бұл баланың бойының өсуіне септігін тигізеді.

Сонымен қатар, ұйқы тәртібі реттелген балалардың сабаққа деген зейіні мен ынтасы мықты болып, ақпаратты жақсы есте сақтайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Ерте жатудың тағы бір артықшылығы – балалардың есейген шақта Альцгеймер ауруына шалдығуы алдын алынады. Оған бір себеп – дәрігерлердің айтуынша дұрыс ұйқы мен физикалық жаттығулар.

Балалардың күн тәртібі мен әдеттерін бақылау – ата-ананың мойнында. Әрине, күні бойы талмай жұмыс істеп, кешкі уақытта демалуды аңсайтындарыңыз түсінікті. Алайда балалардың ересектердің әрекеттерін қайталайтынын ұмытпағайсыздар. Оның күн тәртібі психикалық Һәм физикалық болашағына әсер ететінін де назардан тыс қалдырмаңыздар!

Баланы ерте ұйықтауға қалай үйретуге болады?

Бұл жағдайды ерте бастан қолға алған жөн. Яғни баланы ғана емес, барлық отбасы мүшелерін ерте ұйықтауға үйреткен абзал. Себебі төсекке жатқан бала ересектердің дауысын естіп, сөндірілмеген жарықты көрсе, ол автоматты түрде «ұйықтауға әлі ерте» деген қорытындыға келеді.

  • Келесі бір тәсіл ― ұйықтар алдында балаға кітап оқып беру. Осылайша әкесі не анасы кітап оқыған сәтте бала ұйықтау уақытының жақындағанын түсінеді.
  • Ұйқыға дайындайтын маңызды факторлардың ендігісі – пәтердегі түнгі жарық. Психологтардың пікірінше, сары түс адамды босаңсытып, ұйқыға дайындайды.
  • Түн уақытында барлық гаджеттерді өшіріп, тығып қоюға кеңес беріледі. Түн ортасында құрылғыларыңызды қосып, тексеру арқылы сіз балаңыздың бойына да осы бір жаман әдетті дарытасыз.
  • Спорттың пайдасын да ұмытпаңыздар. Кешкі уақытта жаттығатын балалар ұйқыға ерте жатады.

Аталған ережелерге немқұрайлы қарамаңыз! Бала күнінде ерте ұйықтап үйренген баланың болашағы зор болмақ. Мұндай балалар өзіне сенімді, эмоционалдық және физикалық тұрғыдан дендері сау болып өседі.

Әліпби ретімен орналасқан қазақша түс жору кітабы >>>

 

 

 

Талқылау