Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нәжісіне аунап жатыр: Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлардың мүшкіл күйі көпшіліктің жағасын ұстатты (видео)

Әлеуметтік желіде Алматы хайуанаттар бағында түсірілген видео тарады. Видеодан жануарлардың мүшкіл халде екенін көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин 

Қабырғалары жарылып, тазаланбаған ғимараттағы лас бассейнде өз нәжісіне аунап жатқан сусиырды байқамау мүмкін емес. Сондай-ақ тордағы еліктің құйрығына қадалған ине де желі қолданушыларын шошытты. 

Хайуанаттар бағының әкімшілігі жантүршігерлік жағдайға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметінше, сусиырды видеоға түсіріп жатқан кезде бассейндегі суды ауыстырып жатқан.

“Бассейндегі су күнде ауыстырылады. Бассейннің астында жылытатын жылу коммуникациялары бар. Сондықтан сусиырлар судың ауысуы кезінде бассейнде қалуды жөн көреді. Ал олардың өз нәжісінде жатуы – қоршаған ортаның өзгеруіне деген табиғи реакциясы”, – дейді әкімшілік. 

Пілдер мен бегемоттарға арналған қысқы қоршаулар 1963 жылы салынған. Әкімшілік қазір африкалық жануарларға арналған жаңа кешеннің жобасын әзірлеп жатыр. Жақын арада құрылысты бастауды жоспарлап отыр.


Қазақстанда цирктерде жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынбақ


Олар құйрық тұсына ине қадалған еліктің жағдайын да түсіндірді.

“Біз инъекциялық (өзі енетін) инелі шприцтерді қолдандық. Олар жарақаттамайтын инемен жабдықталған және инъекциядан кейін 2-3 сағат өткен соң өзі түсіп қалады”, – делінген хабарламада.

Талқылау