Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назгүл Қарабалина: Асанәлі Әшімовпен тағы 5 жыл бір сахнада ойнау – арманым

Аңыз адам Асанәлі ағаның бүгінде шәкірті көп. Назгүл Қарабалина тек қана шәкірті емес, бір сахнада ойнаған серігі. «Ымырттағы махаббат» спектаклінде бірге ойнау бір ғажап дейді актрисаның өзі. Бұл туралы Назгүл Қарабалина Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

741b31cdca0f9445920f779ad0d6250e-700x467

Ол – Асанәлі Әшімовпен сахналас еткен тағдырыма мың тәубе етем дейді. Актрисаның ендігі арманы «меншікті» ағасымен тағы бес жыл театрда бірге ойнау.

«Мен театрға енді аттап басқаннан кейін ойнаған алғашқы рөлдерімнің бірі Асанәлі ағамен болған қойылым болды. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол ғажап дүние. Мен әлі де ағаммен ойнағым келеді. Жоқ дегенде бес жыл ойнасақ деп армандаймын. Менің жан ағам, сүйікті ағам. Өзімнің жеке меншік ағам деп айтам ол кісіге. Осы мерейтойдың алдында мен ол кісіге: «Аға «Ымырттағы махаббатты» 8-наурызда ойнайықшы», -дедім. Ол болса: «Қой Назгүл, кейін ойнаймыз», – деді.

bandicam 2017-05-12 23-39-50-693

Ол кісі қазір түсірілімге дайындалуда. Тойға дайындалды, кішкене отыру керек, мәтінін қайталау керек. Мен ағамен «Ымырттағы махаббатты» әлі талай жыл ойнайтыныма сенемін. Себебі, ол – ұлы адам, ол нағыз актер. Ал нағыз актер ешқашан шаршамайды, қартаймайды, ауырмайды», – дейді Назгүл Қарабалина.

Айта кетейік, “Ымырттағы махаббат” қойылымында актриса Назгүл Қарабалина өнердегі ағасы Асанәлі Әшімовпен сүйіседі. БАҚ-қа берген сұхбаттарының бірінде актриса бұл оның жұмысы екенін алға тартып, күйеуі де актер болғандықтан, түсіністікпен қарайтынын айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімовпен байланысты өміріндегі қызық оқиғаларын айтып берді

Сәбит Абдыхалықов: Елдің қолына су құйып жүргеніміздің өзі үлкен мәртебе

Асанәлі Әшімов 80 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото)

Талқылау