Назарбаев кеңсесінің бұрынғы басшысы жаңа компания ашты
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін ұзақ жылдар басқарған және қазіргі Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі Махмуд Қасымбеков жаңа компания құрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
7 қыркүйекте Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) New Mining Ltd компаниясы тіркелген. Компания директоры әрі бас директоры болып Махмуд Қасымбеков көрсетілген.
Оның қызмет бағыттары холдингтік компанияның қызметі, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, барлау және іздеу деп белгіленген.
Ал 11 тамызда АХҚО-да Махмуд Қасымбековке тиесілі Zhetisu Resources Ltd компаниясы тіркелкен. Сонымен қатар, Қасымбеков Shygys-Zhetisu Minerals компаниясына иелік етеді. Бұл компания Қасымбековтің ұлы Ардақпен бірге "Шығыс Молибден" компаниясының құрылтайшысы болып табылады. Аталған компания Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағында орналасқан Шор мыс-молибден кен орнын игеруге басым құқық алған.

Махмуд Қасымбековке тиесілі басқа да тау-кен активтерінің қатарында "Жетісу Минерал Ресорс" және "Ұлытау Алтындары" компаниялары бар.
Айта кетейік, Махмуд Қасымбеков Қазақстанның тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін ұзақ жылдар басқарған. Ол 1990 жылы Қазақ КСР президенті аппаратының сектор меңгерушісі болып қызметке келіп, кейін Президент аппараты мен әкімшілігінің жалпы бөлімін басқарды. 1996 жылдан бастап Президент кеңсесін басқарды. 2019 жылы Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Қасымбеков Қазақстанның тұңғыш президенті кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 2023 жылы бұл кеңсе таратылды. Ол сондай-ақ қазіргі Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс орнын ашқаны туралы жазған едік.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді