Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересінің меншігіне өтті

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересі Нұрәлі Әлиевтің меншігіне өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, нысан бұған дейін экс-президентке қарасты қордың меншігінде болған.
Резиденция ресми түрде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіреді.
Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының дерегіне сәйкес, сарайдың қазіргі иесі – экс-президенттің жиен немересі Нұрәлі Әлиевке қарасты Service Engineering Group деген компания.
Жылжымайтын мүліктің Нұрәлі Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.
Назарбаевтың немересі бүкіл адамзаттың рухани тәлімгері болуды шешті
Айсұлтан Дариға Назарбаевадан емес, басқа әйелден туған – Журналист
Service Engineering Group-тың түпкі иесі былтыр "Capital Holding" ЖШС және "Darmen Holding" ЖШС деген екі компания болған. Бұлардың ішінде Darmen Holding-тың түп төркіні Нидерланд офшорында тіркелген Greatex Capital Holding B.V. деген компания. Forbes.kz мәліметінше, Әлиев Қазақстандағы активтерін осы компаниялар арқылы басқарады.
Нұрәлі Әлиев Forbes есебінше, былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 миллион доллармен 39-орынға жайғасқан. 2025 жылы ол елдегі байланыс саласындағы ірі активі "Транстелекомды" сатты.
Жылжымайтын мүліктің Нұрәлі Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.
Үшқоңыр резиденциясы 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен. Сарайға дейін тас жол төселген, газ бен жарық тартылған. 2016 жылдан 2022 жылға дейін жылжымайтын мүлік Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының меншігіне жазылған.
Ал осыдан шамамен үш жыл бұрын түрмеде жатқан Қайрат Сатыбалдының атында тұрған Үшқоңыр резиденциясы экс-президентке сыйға берілгені туралы ақпарат тараған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің 41 жасқа толған туған күнін Дубайда фестиваль ретінде атап өткені туралы жазған едік.
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты