Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың 1994 жылғы бұйрығы болмаса, доллар бағамы 200 теңгеден аспайтын еді – Ұлттық банктің бұрынғы басшысы

1999-2004 жылдар мен 2009-2013 жылдары Ұлттық банкті басқарған қаржыгер Григорий Марченко Ақмарал Баталоваға берген сұхбатында Қазақстандағы ең үлкен девальвация мен экс-президенттің қате бұйрығы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда:/Видеодан скрин/Нұрсұлтан Назарбаев/Григорий Марченко

Экономист 1994 жылы ақпанда Қазақстанда болған ең үлкен девальвацияны еске алды.

“Бір айда курс 11-ден 40-қа дейін, яғни 3,5 есе құлдырады. Бұл девальвация үкіметтегі премьер-министр Сергей Терещенко Нұрсұлтан Назарбаевты бейбіт есеп жүргізуге көндірген соң болды. “Ұлттық банк көптеп ақша басып шығарып, кәсіпорындарға таратып берсін. Ал олар бір-бірінің қарызынан құтылады” деді. Президенттің бұйрығы Ұлттық банктің визасынсыз қабылданды. Өйткені Ұлттық банктің төрағасы Дәулет Сембаев бұған түбегейлі қарсы болды. Бірақ соған қарамастан қаулы қабылданды. Салдарынан курс бір айда 3,5 есе құлдырады. Сол кезде инфляция бір айда 46% болды. Бірақ бейбіт есеп жүргізу өрескел қате макроэкономикалық шешім болды. Қазір курс бағасы 500-ге жуықтады. Егер 1994 жылғы бейбіт есеп болмағанда елімізде 1 доллардың бағасы 200 теңгеге жетер-жетпес болар еді”, – дейді Григорий Марченко.



Оның айтуынша, бірінші президент өзінің мемуарында бұл туралы жазбаған. Бәлкім, ұмытып кеткен болар. Мүмкін бұл оқиғаны маңызды деп санамаған да болар дейді қаржыгер.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде доллардың бағамы 522,91 теңгеге жеткені туралы жазған едік.

Талқылау