Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевпен Алматыда кездескен жігіт Қырғызстанның келесі президенті ме?

Бабановтың бағы жана ма? Қырғызстан президенті болудан үміткер Өмірбек Бабанов Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесті. Бұл туралы КТК хабарлайды.

babanov1

“Ата -жұрт” партиясының төрағасы, Бабановың Қырғызстанда өз орны бар. Бизнестен саясатқа келген ол 2012-ші жылы премьер-министер де болған. Енді амбициясы басым 47 жастағы Өмірбек Бабанов президент тағынан дәмелі.

Атамбаевтың мүмкін делінген ізбасары бүгін, 15-ші қазанда өтетін сайлау қарсаңында Назарбаевтан құнды кеңестер алып қайтты. Елбасы, Бабановты ашық қолдамағанымен, оның лайықты кандидат екенін жасырған жоқ.

“Басқалары маған ренжімесін, жаңа айттым. Ол біздің шаруа емес, Қырғызстанның ішкі шаруасы. Мен оған кірісейін деп отырғаным жоқ. Кімді сайласа да, сонымен жұмыс істейміз. Бірақ білетін адам болса, жас адам болса сен сияқты, тәжірбиелі болса, ол Қырғызстанға керек деп ойлаймын”, – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Елбасы: Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн

Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Талқылау