Назарбаев университеті студентінің денесі жатақханадан табылды
Фото: nu.edu.kz
Назарбаев университетінде студент қыздың өзін өлтіру фактісі тіркелді. Бұл ақпаратты ішкі істер министрі Ержан Саденов растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "NewTimeskz" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналистер оқиғаға қатысты нақты мәлімет сұрағанда, министр нақты жауап бермей, бұлыңғыр жауап қайтарды.
"Оның қашан болғанын білудің сіздерге не керегі бар? Мен, әрине, хабардармын", – деді ол.
Кейінірек министр студенттің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Бұл іс аясында тексеру жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталып жатыр", – деді Саденов.
Университеттің ресми өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеген. Қайғылы жағдайдың нақты себептері әзірге белгісіз.
Әскерге күштеп әкетілген талапкер грантынан айырыла ма: Назарбаев университеті түсіндірді
Мұғалімге балағат сөз айтқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы қарапайым мектепке ауысты
Еске салайық, бұған дейін “Назарбаев Университетінде” студент қайтыс болғанын жазған едік. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты "Өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша тергеу жүргізілген.

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
