Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Шет елдерге жасайтын іссапар кезінде күніне әрі кетсе 3-4 сағат ұйықтаймын

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шет мемлекеттерге жасайтын іссапар кезінде күрделі әрі аса тығыз жұмыс кестесіне қалай төтеп беретіні туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161111105110

“Бұл менің жұмысым. Сол себепті мен одан шаршамаймын. Ел алдында, халық алдында үлкен жауапкершілік бар. Әрине, сағат белдеулерінің айырмашылығы сезіледі. Менің байқауымша, бізге батысқа барып Қазақстанға оралғанға қарағанда, шығысқа барып-қайту әлдеқайда жеңіл тиеді. Мен осы күндері әрі кетсе 3-4 сағат ғана ұйықтап жүрмін, бірақ оның өзінде жатасың, бәрібір ұйқы келмейді”, – дейді Назарбаев Сеулге жасаған сапары кезінде журналистерге сұхбат беріп.

“Ал мүмкін бұл жақсы – бейімделіп әуре болмаймыз, келеміз, тоқтаймыз өз уақытымызбен. Сол себепті ми үнемі жұмыс істеп тұрған кезде салмақты келіссөздер жасау керек. Әрі келіссөздер әлемдік мәселелер мен ядролық қару туралы болып жатыр. Бізге деген әлем елдерінің құрметі орасан. Сол себепті мен еш шаршамаймын”, – деп атап өтті президент.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттеріне ресми сапармен барды.

Оқи отырыңыз:

АҚШ президентінің ауысуы Қазақстанға қандай әсер етеді?

Ақтөбе әкімі жиналыста көзіне тығылған ұйқымен алысты (видео)

Елбасы Токиода сасқалақтап қалған Есімовке ыммен түсіндіріп жөн сілтеді (видео)

Мұхамедиұлы Жаманқұловтың президентке арнаған үндеуіне қатысты жауап берді (видео)

Талқылау