Назарбаев өз жасында қалай жақсы көрінетіні туралы айтты
Қазақстан Президенті спортпен және сүйікті ісімен шұғылданатындықтан жас көрінетінін айтты. Қытайдың CCTV телеарнасының журналисті сұхбат кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа осы жасында қалай жақсы көрінеті сұрады. Мемлекет басшысы өзінің денсаулық құпиясымен бөлісті.
«Мен мұндай сұрақты жиі естимін, менің ойымша, олар жасыңыз нешеде деп сұрағысы келеді… », – деп күлді Назарбаев. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
Президенттің айтуынша, қалыпты жағдайда жүру үшін дене шынықтырумен айналысып, жүгіру керек.
«Жас кезімнен спортпен айналысып келемін. Бұл әдетке айналып кеткен. Саясаткер үшін ең басты бақыт қызметке әрекет ету үшін келгенің. Яғни жасаған жоспарыңды халыққа көрсету. Оны іске асырған саясеткер бақытты. Сондай-ақ әр жетістік сені шабыттандырады», – деп жалғастырды президент.
Назарбаев өзінің сүйікті ісін тапқан адам ешқашан жұмыс істемейді деген даналықты еске түсірді.
«Сол сияқты, бар ынтасымен жұмыс істейтін адам жетістікке қол жеткізеді. Мақсатыңды жүзеге асыра алсаң ол сені одан әрі шабыттандырып, күш-қуат береді. Егер отырып алып «мен қатты қартайдым» сияқты сылтаулар іздесең, шынымен де солай болады. Әрдайым адамдардың сенімін ақтап, олардың армандарын орындау үшін алда жүруің керек. Соларды қанатыңның астына алып, жол көрсетуге тиістісің. Жасаған жетістіктерің саған шабыт беріп отыратындықтан жас көрінесің», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Назарбаев өзін қандай ойлар мазалап жүргенін айтты
Жағдайы жоқ жанұялардың наразылығына шенеуніктер жауап қатты