Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев латын әліпбиі бойынша saebiz сөзінің жазылуы туралы түсіндіріп берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тіліне арналған латын әліпбиіне диграфтарды енгізу туралы пікір білдірді.

754400700504950

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Мен бірден компьютерге енгізу үшін ешқандай имектер болмасын деп айтқанмын. Өзге елдердікінде имектер, нүктелер, үтірлер бар. Бізде таза қазақ тіліне тән сегіз әріп бар – соларды таңбалау керек. Басты мәселе осы”, — деді Елбасы Ақордадағы баспасөз мәслихатында.

“Кеше халық арасында сәбіз (saebiz) сөзіндегі “ә” әрпі қалай оқылады деген сұрақтың тарағанын естідім. “Ә” дыбысы “ае” болып жазылады. Олар “саебиз” деп оқуымыз керек дейді. Олай болса ағылшын тілінде boeing сөзі қалай оқылады, еске түсіріп көрейікші. Ал “мектеп” деген сөз ше? Француз тілінде, мысал үшін, бір сөзді жазуға он әріп қажет. Сондықтан бұл қате пікір”, — деп жалғастырды президент.

Оның айтуынша, 2022 жылы қазақ тіліне арналған латын әліпбиі бірінші сыныптарда оқыла бастайды.

“Ғалымдар, тіл мамандары, тарихшылар бір мәмлеге келгенде, мен жаңа әліпбиді жариялаймын. Яғни, әліпби ертеңнен бастап енгізіледі деген сөз емес. Кирилица да өз рөлін атқарады, өйткені көптеген жазушыларымыздың шығармалары сол қаріппен жазылған. Кирилицаны пайдаланып, орысша сөйлейтіндер алаңдамасын”, — деп қорытты мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты қызметкерлері мен Шахметов атындағы тілдерді дамыту орталығы мамандары бірлесе отырып, 25 әріптен тұратын латын әліпбиінің нұсқасын ұсынған. Дегенмен ондағы әріптердің таңбалануы көпшіліктің көңілінен шығар емес. Бұл мәселеге орай отандық жұлдыздар да өз пікірлерін білдірген болатын.

Оқи отырыңыз:

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 7 жарым жылға сотталды

Ахметжан Есімов ЭКСПО-дан кейін гольф ойнағысы келетінін айтты

Nursultan Aebishuly Nazarbaev: Белгілі саясаткерлердің есімі латын тілінде қалай жазылады?

Сириялық қаруланған оппозиция өкілдері Астанаға келуі мүмкін

Талқылау