Назарбаев келесі президент сайлауына өзін қандай жағдайда ұсынатынын айтып берді
Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы мүмкіндік беріп, ел халқы алдағы уақытта да оның саясатын қолдаған жағдайда өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға қандай жағдайларда өз кандидатурасын ұсынатынын айтты.
Президент Қазақстан заңының оның алдағы сайлауларда да өз кандидатурасын ұсынуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жылы (келесі прзиденттік сайлау) не болатыны көптеген факторларға байланысты.
«Мен үшін, ең бастысы, физикалық тұрғыдан жұмыс істеуге денсаулығымның мүмкіндік беруі, өз бабымда болып, еліме табыс алып келуім және мен қалаған нәрселердің орындалуы. Сол себепті ең біріншіден, денсаулық, екіншіден, қарым-қатынас және ең бастысы, Қазақстан халқының маған деген көзқарасы. Олар шаршамайды ма? Дәл қазіргідей қолдау көрсете ме?» – деді Назарбаев Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.
“Мен уәде еткен дүниелерді айтып, істеп, есеп беріп отырамын. Әркез солай істедім, қазір де солай істеп жүрмін. Мүмкін емес, қаржылық жағынан қамтамасыз етілмеген жобаларды алға тартпаймын», – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, мемлекет басшысының Bloomberg News ақпараттық агенттігімен сұхбаты 22 қараша күні Ақордада өтті. Сұхбат жұма күні кешкі уақытта “Хабар” арнасынан көрсетілді.
Жіберіп алмаңыз:
Елбасы билік басында ұзақ отыр деген сынға қатысты пікірін білдірді
Назарбаевқа 25 млрд евро бергісі келген меценат осыншама ақшаны қайдан алғанын айтып берді
Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартты
Испан миллиардері туған ауылының барлық тұрғынын миллионерге айналдырды (фото)