Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Головкин-Альарес жекпе-жегін тамашалады.
Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде Лас-Вегас қаласында өткен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Мұндай оқиға қазақстандықтарды теледидар алдына жинайды. Бұл кездесу өте маңызды. Мексикалық Альварес те өте жоғарғы деңгейдегі боксшы”, – деп Назарбаев Ақордада қазақстандық және шетелдік журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында жекпе-жекті тамашалайтынын айтқан болатын.
Бүгін Головкин кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы – Сауль “Канело” Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасты. Төрешілердің шешім бойынша екі спортшы тең түсті.
Тағы да оқыңыз:
Головкин: Тең түскеніміз – менің кінәм емес, мен жеңілген жоқпын (видео)
Ардақ Назараров: Головкиннің тең түсуіне мексикалық беделді промоутердің ықпалы болып тұр
Головкин жекпе-жектен соң жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады