Назарбаев Ердоғанға: Екеумізге жұмыс көп
Астанаға іссапармен келген Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“25 жылдан бері Қазақстан мен Түркия бауырластық қарым-қатынаста, арамызда ешқашан кикілжің болған емес. Соңғы рет бізге келгеніңізде екі ел арасындағы, әсіресе, экономика саласы бойынша біраз мәселені шештік. Алда әлі жұмыс көп. Біздің өз, ал сіздердің өз проблемаларыңыз бар. Бүгін соның бәрін талқылауға мүмкіндік алып отырмыз. Сіздің және Владимир Путиннің өтінішімен Сирия мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 14 қыркүйек күні тағы бір кездесу болады», – деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.
Түркия президенті Ердоған елімізге ресми іссапармен келді. Түрік басшысымен бірге Астанаға Түркия премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоглу, экономика министрі Нихат Зейбекчи, білім, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Озлю, сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мен отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетюль табан тіреді.
Жіберіп алмаңыз:
Реджеп Тайып Ердоған: Қазақстанда өз үйімдегідей сезінемін
Шахтинскіде психикалық ауытқуы бар 7 жасар оқушы мектептен қашып кеткен
Павлодарлықтар трамвай қағып өлтірген қыздың отбасына жабылып баспана алып бермек
“Әбу-Даби Плаза” оқиғасынан соң Үндістанның 60 азаматы елден шығарылатын болды