Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Ата заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгертулер мемлекеттік құрылысты жаңартып, биліктің бүкіл тармақтарының халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

1688916
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енгізілген түзетулерге қол қойды деп хабарлады Ақорда Twitter парақшасында.

“Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды”, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын парламент заңды қабылдап, президенттің қол қоюына ұсынған еді. Нұрсұлтан Назарбаев заңның Конституцияда бекітілген құндылықтарға сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық кеңеске ұсынған болатын. Конституциялық кеңес қорытындысы бойынша, заң Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде конституциялық құндылықтарға, республиканы басқару формасы мен қызметінің негізгі қағидаттарына сәйкес келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі алғаш рет Ата заңмен бекітілді

Сағадиев: Бекболат Тілеуханмен “жекпе-жекке” шығуға қарсы емеспін

Назарбаев: Тіпті, маңызды шешімдер қабылдар кезде де анам түсіме жиі кіреді (видео)

Талқылау