Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Ақышевқа: Ешкімнен қорықпа. Біреу килігетін болса, маған айт

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевты қолдайтындығын білдірді.

1397692

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Жұма күні Астанада елбасының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Ақышевтың баяндамасын тыңдаған мемлекет басшысы Ұлттық банктің “былтырғы қиын-қыстау жылда жақсы жұмыс істегендіктерін” атап өтті.

“Ұлттық банк қиын кездерде жақсы жұмыс істеді деп ойлаймын. Мен банктің бақылау мен жүргізу мүмкіндіктерін заңды тұрғыда күшейтуді тапсырам. Жоба енгізу құқығын беру керек. Ұлттық банктің жұмысына араласуды елдің қаржы жүйесіне араласу деп білу керек. Ұлттық банк жүйелі айналысқан сайын, соғұрлым мен 100 пайызға қолдайтын оның төрағасына шабуылдар жасалып жатыр. Мұны осы залда отырған акционерлер мен демеушілер жасап жатыр”, – дейді Назарбаев.

“Газеттер де, журналистер де кінәлі емес, иелері кінәлі. Біз иелеріне шара қолданамыз. Банктердің жұмысы әлсіз. Небәрі 4 банк активтердің 80%-ын ұстап тұр. Қалған 26%-ында 1 пайыз да жоқ. Дағдарыс басталған әлем елдерінеде үлкен компаниялар бірігеді. Сондықтан біріксін. Егер банкті сақтағысы келсе, акционерлер өз ақшаларын салсын. Басқа жолы жоқ. Олардың экономикаға қатысы болмаса, онда өмір сүруіне де құқы жоқ. Солай емес пе? Сондықтан батыл әрекет ет. Ешкімнен қорықпа. Әр ісің адал, заңға сай болсын. Біреу килігетін болса, бірден маған фамилиясын айт”, — деді елбасы Ақышевқа үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Жіберіп алмаңыз:

Бас прокуратураға математик іздеген Бағдат Мусиннің жазбасы желіде қызу талқыға түсті

Президент жолдауынан: Қытай Қазақстанда өндіріс орындарын құрады

Сапарбаев Қытай инвесторларына шүйлікті

Талқылау