Өскеменде бұрынғы әкімнің өлі денесі табылды

14 маусымда Өскеменде Үлбі өзенінің жағасында адамның денесі табылды. Өлімнің алдын-ала себебі - найзағай соққысы.

Өскеменде бұрынғы әкімнің өлі денесі табылды

Хабарламадан кейін полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Марқұмның жеке басы анықталды. Ол 66 жаста болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24 хабар арнасына сілтеп.

ШҚО бойынша алдын ала тергеу басталды, оның шеңберінде қайтыс болу себептерін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Марқұмның найзағай соққаннан кейін қайтыс болғаны айтылды.

Сондай-ақ, денеде зорлық-зомбылықтың ешқандай белгілері болмағанын атап өтті.

"24 Хабар" телеарнасының хабарлауынша, марқұм Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының экс-әкімі Тұрсынғазы Мүсапірбеков болып шықты.

Ол аймақтағы көрнекті саяси қайраткер. Мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 10 жыл Семей қаласы әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдан 2017 жылға дейін Абай ауданын басқарды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр