Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наурызда жұмысшыларға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

"Отбасы банк" 17 наурызда "Наурыз жұмыскер" бағдарламасын іске қосқалы отыр. Жаңа жоба жұмысшы мамандарды тұрғын үймен қамтуға бағытталады. Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары секілді салалардағы отандастарымыз үшін мүмкіндік болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

"Отбасы банк" өкілдерінің айтуынша, жаңа бағдарлама аясында 72 миллиард теңгеге екі жарым мыңға жуық несие беру жоспарланып отыр. Бастысы, өтінім шынайы уақыт режимінде қабылданады. Филиалға ерте келген адам пәтерді бірінші болып таңдайды. Бірақ өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтамасы болуы тиіс. Банк қызметкерлері тұтынушының қай салада жұмыс істейтінін анықтайды.



Бірінші кезекте тау-кен, қайта өңдеу, өнеркәсіп саласының қызметкелеріне көңіл бөлінеді  екен. Банк төрайымының сөзінше, бағдарлама қатысушысы технолог, сынама алушы, жүргізуші секілді кәсіп иесі болуы керек. Осы салаларда кеңсе менеджері, есепші, PR-менеджер болып жұмыс істейтін мамандар "Наурыз жұмыскер" жобасына қатыса алмайды.

“Пәтердің аумағы мен бағасы Baspana Market порталында жазылып тұр. Бұл баспана құнының өсіп кетпеуі үшін жасалып отыр. Мәселен, үй алуға ниетті адам теміржолшы делік. Ол үйді Астана маңындағы моноқаладан не аудан орталығынан іздеуі мүмкін. Сондықтан оларға екінші нарықтан баспана алуға рұқсат беріп отырмыз. Ал пәтер әрленген болса, алғашқы жарна 10%”, – деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болатыны туралы жазғанбыз.

Талқылау