Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні қосылады

Конституция күніне демалысФото: Gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай наурыз айда Қазақстанда демалыс күндерінің саны артатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенаттағы брифинг барысында журналистер бұрын 30 тамыз Конституция күні ретінде атап өтілгенін алға тартып, “15 наурыз ресми демалыс күні болып жариялана ма?” деп сұрақ қойды. Шегай бұл сұраққа оң жауап беріп, тиісті норма жаңа Конституцияда бекітілгенін еске салды.

Осылайша, референдумда қабылданған Негізгі заң күшіне енгеннен кейін 15 наурыз Қазақстанда мемлекеттік мереке және ресми демалыс күніне айналады.

“Халық референдумда қабылдаған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Конституция мәтінінің өзінде референдум өткен күн мемлекеттік мереке, яғни күнтізбедегі “қызыл күн” болып жарияланатыны қарастырылған”, – деп түсіндірді ол.

2027 жылғы наурызда Қазақстан тұрғындарын ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Мерекелік күндердің ауыстырылуына байланысты қазақстандықтар қосымша демалыс алады, ал ай жұмыс күндерінің саны бойынша ең қысқа айлардың біріне айналады.


Қазақстандықтар биыл бір демалыс күнінен қағылды

"Ата-анамның 6 баласы бар": Еңбек вице-министрі көпбалалы отбасыларды қолдау туралы сауалға жауап берді


Айта кетейік, бұған дейін биыл елімізде жәрдемақылар өсе ме деген сұаққа еңбек вице-министір жауап берген еді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 15:50