Наурызда қаржыны қайда сақтаған тиімді: Банк депозиттеріне шолу

Фото: pixabay.com
Банк депозиті – қаражатты сақтаудың және кепілді табыс алудың қолжетімді жолдарының бірі. Ал базалық мөлшерлеменің көтерілуі елде депозиттің табысты құралға айналуына әсер етті. Ұлттық банктің дерегіне сенсек, 2026 жылдың қаңтарында теңгедегі салымдардың орташа мөлшерлемесі 15,3%-ға жеткен. Бұл - 1997 жылдың басынан бергі ең жоғары деңгей. Осы орайда Stan.kz тілшісі наурызда қаржыны қандай депозитте сақтаған тиімді екенін тексеріп көрді.
Нарықта ұсыныстар жетерлік, ал олардың арасындағы айырмашылық үлкен болады. Айырманы нақты сандармен көрсету үшін біз 500 000 теңгені негізге алып, үш жинақ депозитін 3, 6 және 12 айлық мерзімде салыстырдық.
Салым сомасы: 500 000 теңге;
Мерзімдер: 3, 6 және 12 ай;
Түрі: қаржы шешілмейтін жинақ депозиті.
А депозиті
Аталған депозитті тек толықтыруға болады, қаржыны ішінара шеше алмайсыз. Егер жинаққа 500 000 теңге салсаңыз, онда банктің беретін сыйақысы келесідей:

Б депозиті
Депозиттегі номиналды мөлшерлеме 13,6%-18,4% аралығында, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 13,8%-дан 20%-ға дейін (мерзіміне қарай). Егер депозитке 500 000 теңге салса, табысыңыз келесідей болмақ:

Енді Home Credit Bank ұсынған “Жинақ Хоум+” депозитін қарастырып көрейік.
Номиналды мөлшерлеме: 13,97%-дан 18,23%-ға дейін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жинақтың мерзіміне қарай 15%-дан 20%-ға дейінгі аралықта.
Депозитке 500 000 теңге салған жағдайда, сіздің 3 айдағы табысыңыз 23 505 теңге, ал 6 айда 45 800 теңге болады. Бір жылда банктің беретін сыйақысы 74 949 теңге.

Айта кетері, Home Credit Bank алғаш рет депозит ашатындарға қосымша тиімді шарт ұсынады. Welcome Bonus акциясы бойынша жинақ депозитін немесе банктің депозиттік сертификатын ашқанда, салым сомасының 0,25%-ы бонус ретінде түседі.
500 000 теңге салым үшін бұл 1 250 бонус, мұнда 1 бонус = 1 теңге. Бонустарды қазіргі шотқа немесе дебеттік картаға аударып, шектеусіз, қалаған мақсатқа жұмсауға болады.
Қорытынды: қай банктің өнімі тиімді?
Үздік нәтиже Home Credit Bank-тің "Жинақ Хоум+" депозитінде. 12 айға салған жағдайда табысыңыз 74 949 теңге. Бұл А Банкі (74 676 ₸) мен Б Банкінен (69 015 ₸) айтарлықтай артық. 3 және 6 айлық қысқа мерзімде де Home Credit Bank көш басында тұр.
Депозиттің негізгі шарттары:
- Ең төменгі сома: 1 000 теңгеден басталады;
- Мерзімдер: 3, 6 немесе 12 ай, мұны өзіңіз таңдайсыз;
- Депозитті толықтыруға болады, бірақ қаржыны шеше алмайсыз;
- Капиталдандыру күн сайынғы, пайыздар күн сайын есептеледі, шоттағы қаржының өсімін Home.kz мобильді қосымшасында нақты уақытта бақылауға болады.
Депозитті бірнеше минутта қосымша арқылы ашуға болады. Бөлімшеге барудың және артық құжат ұсынудың қажеті жоқ.
31.12.2025 ж. № 1.1.36 Лицензия, ҚР ҚНРДА берген
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген