Қызметкерлерін науқастардан қалайда ақша алуға үйреткен бас дәрігер қызметінен кетті
Науқастардан ақша алуға үйреткен бас дәрігер қызметінен кетті, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылдың 27 қаңтарындағы бұйрығымен №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ә.Т.Аманов қызметінен босатылды. Бас дәрігердің міндетін атқарушы ретінде аурухана басшысының орынбасары Ж.С.Шерияздан тағайындалды», – деп хабарлады басқармада.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен құрылған комиссиясы видеоның 2015 жылы №4 қалалық клиникалық ауруханасындағы кезекті жиналыста түсірілгенін анықтады. Жиналысты аурухананың бұрынғы бас дәрігері Аманов өткізген.
Ол 2016 жылы ауысып №7 қалалық аурухананың бас дәрігері қызметіне тағайындалған.
Ол № 4 емхананың бұрынғы бас дәрігері Әнуар Аманов болып шықты. Оның медицина қызметкерлерін жинап, жиналыс ашқаны түсірілген видео 2015 жылы түсірілген.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандықтар дәрігерлердің өздерінен қалай ақша жымқырғандары туралы айтып берді
Жазасын өтеушілер түрмеде түрлі бұйымдар жасап ақша табуда
Ауыр науқасқа шалдыққан бала полицейлермен бірге Астананы аралады (видео)