Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қызметкерлерін емделушілерге ауру ойлап тауып беруге мәжбүрлеген бас дәрігерді іздеп жатыр (видео)

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде таралған бас дәрігердің бір жиында ауруларға қымбат және қажет емес ем-дом тағайындау арқылы медқызметкерлерді ақша табуға шақырған видеосына байланысты тексерісті бастады.

1426149571_1334556632_bolnica

“Бұл жағдайдың қашан және қай медициналық ұйымда болғанын анықтағаннан кейін медициналық бақылау комитетінің аумақтық департаменті және фармацевтикалық қызмет ереже бұзушылық пен ол медициналық ұйымның стандарттары бұзылған-бұзылмағанын анықтайды. Содан кейін ғана жергілікті атқарушы органға қажетті ұсынысты жібереді”, – деп хабарлады министрлік.

Министрлік сондай-ақ, тұрғындарды ем-дом алу кезінде мұқият болуға шақырды. Егер қандай да бір медициналық тәсілдерді тағайындау мен емдеу әдістеріне байланысты күдік туындаса, бірден денсаулық сақтау аумақтық департаментіне немесе сенім телефонына хабарласу керек: (7172)742802.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда босану мерзімі жақын қалған әйел өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмды

Жамбыл облысының тұрғыны дәрігер салған екпеден соң белінен төмен сал болып қалғанын айтты

Жемжемілдің көптеген емдік қасиеттерін білесіз бе?

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Талқылау