Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нашар адам": Ақбота Керімбекова Жанар Айжанова ренжіп қалды

Ақбота Керімбекова Жанар Айжанова туралыФото: https://www.instagram.com/botakerim

Әнші Ақбота Керімбекова туған күніне қатысты қызықтарын желіге жариялап, оқырмандарын күлдіртті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол өнердегі әріптесі Жанар Айжановамен түскен видео жариялады. Кадрлардан Керімбекованың Айжановаға ренжіп отырғаны байқалады.

“Мыналар менің туған күнімді мүлде естен шығарған. Осыларды қалай әріптес дейміз? Біреуі де құттықтамады. Негізі нашар адамдар”, – деп әзіл аралас өкпесін білдірді Ақбота Керімбекова.

Алайда видеоны соңына дейін көргенде Жанар Айжанованың оны туған күнімен құттықтап, 20 мың теңге сыйлық ұсынғаны көрінеді.

“Еркелесек еркелігімізді, қалжыңдасақ қалжыңымызды көтеретін Жанардай әпке кімде бар? Әрине, бізде ғана! Сахнаға шығатын кезегіміз келгенше көптен кездеспеген әріптестермен қауышып, бір жасап қалдық. Зілі жоқ әзілімізбен сіздермен де бөлісіп қояйық”, – деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова Алматыдан көшіп кеткені хабарланған еді.

Өнер иесі көп жылдан бері тұрған өңірін қимайтынын жасырмады. 

“Алматыдан Астанаға көштім. Кейде өмір бізді жаңа орындарға алып барып, жаңа сезім, жаңа тыныс сыйлайды. Дегенмен, Алматы – әрқашан жүректе. Енді біраз уақыт Астананың самал желін, салқын таңдарын сезінейін деп тұрмын”, – деп жазды әнші. 

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 23:40