Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

NASA Жердің ғарыштан түскен таңғажайып суреттерін көрсетті

Фото: NASA

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) әлеуметтік желілерде ғарыштан түсірілген таңғажайып Жер фотоларын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бір сурет Artemis II миссиясының экипажы иллюминатор арқылы түсірген. Онда Жердегі түн мен күннің шекарасы айқын көрінеді.

Тағы бір кадрда Жердің шетін күн сәулесі жарықтандырып тұр. Ал үшінші суретте планета толық көрінеді. Көк пен қоңыр түстердің керемет үйлесімі, сондай-ақ полярлық шырақтың жасыл сәулесі байқалады.

Фото: NASA

"Планета ашық көк түсте, бұлттармен және жеңіл көк сәулемен көрінеді. "8–9 сағат" аралығында үлкен қоңыр массив –  Африка, ал планетаның қисық сызығында Пиреней түбегінің шамдары жарқырап тұр. "1 сағат" аймағында жер бетінен сәл жоғары көтерілген жасыл полярлық сәуле байқалады. Жер қара ғарыш фонында айқын көрінеді.", – деді NASA суретті сипаттап.

Artemis II – NASA-ның Artemis бағдарламасындағы алғашқы адам қатысатын миссиясы. Астронавттар Айға ұшып, қонбай қайта оралады. Миссияның басты мақсаты – өмірді қамтамасыз ету жүйелерін тексеру және болашақ Айға қону миссияларының қауіпсіздігін бағалау.

STAN.KZ
Сенбі, 04 Сәуір, 2026 18:48