Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

NASA ғалымы Күн жүйесінде Жерден тыс тіршілік барын анықтады

Ергежейлі планета Церерада өмір болуы мүмкін

Фото: NASA, ESA, Дэвид Джуитт

NASA ғалымы Дэвид Гринспун Күн жүйесінде Жерден тыс өмір болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Доктор Дэвид Гринспунның айтуынша, ергежейлі планета Церерада өмір болуы мүмкін. Өйткені астробиологтар әлі күнге дейін Күн жүйесіндегі белсенділік деңгейіне таңғалады. 

“Техникалық тұрғыда астероид болып саналатын, бірақ массасы гравитация әсерінен қалыптасқандықтан ергежейлі планета Церерада әлі де сұйық су мен өмір сүру ықтималдығы бар. Жақында біз ол жерге ғарыш аппаратын жіберіп, бірнеше таңғаларлық жайттарды анықтадық”, – дейді NASA өкілі.


Ғалымдар мұхит түбінен ежелгі қаланы тапты


Күннің жанынан Жерден он есе үлкен құсқа ұқсас нысан байқалды


Ғалымның айтуынша, Церерада жарқыраған ақшыл дақ байқалған, ол тұзды шөгінділердің бар екенін меңзейді. Бұл өз кезегінде ол жерде бір кездері су болғанының дәлелі.

“Бұл оның бір кездері су әлемі болғанын және мүмкін әлі күнге дейін ішінде сұйық су болуы ықтимал екенін болжауға мүмкіндік береді, – дейді зерттеуші.

Бұған дейін астрономдар ғарыштан кішкентай жұлдызды айналып жүрген алып планетаны тапқан еді.

Айым Болатқызы
Жұма, 22 Тамыз, 2025 11:16
Талқылау