"Нарынқолдан шыға алмай, он күн жаттым": Мақпал Жүнісова Желтоқсан оқиғасын есіне алды
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова осыдан 40 жыл бұрынғы бейнебаянын оқырмандарына көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Өнер иесі 1986 жылы түсірілген “Екі жұлдыз” әнінің клипін жариялады. Сол кездегі Алматы шаһарының әсем табиғаты мен қала көшелерінен үзінді жариялады.
“Ол кезде ұзын көп қабатты үйлер аз салынатын, ауасы таза еді. Сол кезді қатты сағынамын”, – деп жазды халық әртісі.
Әншінің тыңдармандары сол жылы дүниежүзін дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасын да есіне алды.
“Желтоқсан оқиғасы ешкімнің түсіне де кірген жоқ. Мен 15 желтоқсанда Кегенде концерт қойып тұрғанмын. 16 желтоқсанда Нарынқолда өтті. Қалған концерттер 17-сінен тоқтатылды. Алматыға жол жабылды. Нарынқол маңынан шыға алмай, он күн жаттық. Текесте 29 желтоқсанға дейін болдым. Сол күні Алматыға жеттім. Бірден комсомолдың сол кездегі басшысы Серік Әбдірахманов ағай “30-31 желтоқсан Роза Бағланова апаң екеуің жастармен жатақханаларда кездесіп, ән айтасыңдар” деді. Өзі де бізді волгасымен алып жүрді. Жаңа жылды солай қарсы алғаным есімде”, – деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, "Өмірімде аспаз жалдамаппын" деп ауласына ошақ құрып, ет асқан Мақпал Жүнісоваға көпшілік сүйсінген еді.