Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нәрестені тастап кету оқиғаларын хабарламаған медицина ұйымдарына жаза күшейеді

Жаңа туған баланы тастап кету оқиғаларын хабарламаған мемлекеттік медициналық ұйымдарға жаза күшейтілмек деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құжаттағы өзгеріске сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 135-1-бабы енгізілмек. 

"Мемлекеттік медициналық ұйымдар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактісін 3 күнде хабарламауы ескерту жасауға әкеп соғады. Көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", – делінген жаңа редакцияда.

Жаңа өзгеріс күшіне енсе, баланы тастап кету фактілерін хабарлау, ішкі істер органдарына хат жолдау уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарларына жүктеледі.

Құжат 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Талқылау