"Намысыма тимеңіз": Әнші Шахизада мен тележүргізуші Дина Төлепбергеннің не үшін жанжалдасып қалғаны белгілі болды
Жеке өмірі ел аузында жүрген әнші Шахизада "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ешқандай шындық жоқ деп айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шахизада соңғы кездері өзі және жеке өмірі туралы желіде жел ескен алып-қашпа сөздерге нүкте қою үшін “Астарлы ақиқат” бағдарламасына келді. Алайда ол бағдарламаның шынайы екеніне күмәні барын жасырмады.
“Бұл бағдарлама да шоу. Мұнда ешқандай ақиқат жоқ. Кез келген бағдарламада шоу бар”, – дейді Шахизада. Әншінің бұл сөздері бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепбергеннің шамына тиді.
Эстрада жұлдызының бұл сөзіне тележүргізуші: “Мұнда тек ақиқат айтылып, боямасыз болмыс көрсетіледі. Сіз менің намысыма тимеңіз. 12 жыл бойы “Астарлы ақиқат” бұқпасыз, боямасыз болмысты көрсетеді. Мен сізбен келіскен жоқпын. Сұрақтарды сізге төтесінен қойып жатырмын. Халықтың қойған сұрағын сізге қоямын деп сізге ескерттім. Менің бағдарламамды ешқашан басқа шоулармен теңестірмеңіз. Ашуланған себебім, сіз өтірік айтып жатырсыз. Мен сіздің сыныңызды қабылдамаймын, сондықтан сыныңыз өзіңізде қалсын”, – деп жауап берді.
Бұған дейін әнші Шахизаданың экс-сүйіктісінің әйелімен кездескені жайлы жазған болатынбыз.