Намазхан бойжеткен жігітіне өзін сүюге рұқсат беруге қорқып жүргенін айтты
Бойжеткен үнемі өзін сүйгісі келіп тұратын жігіт туралы айтып берді. Екеуі алдағы уақытта намаз оқуға ниет етіп жүргендіктен, бойжеткен жігітінен сүйісуден қашып жүр екен. Бір шетінен одан айырылып қаламын ба деген қорқынышы да жоқ емес. Осы орайда, ол жасы үлкендерден кеңес сұрады.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Сіздерден қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас туралы сұрағым келеді. Өзімнің жасым 19-да, ал жігітім 20-да. Екеуіміз де намаз оқуға ниет етіп жүрміз. Ал кездесіп жүргенімізге бір жылдан асты. Мені өзінің болашақ жұбайы еткісі келеді. Бірақ, жасына байланысты тек 3 жылдан кейін ғана үйленеді. Ал мен оқуым керек. Екеуіміз екі түрлі қалада білім алып жатырмыз. Бұрын жігітпен жүрмегендіктен, мен оған бастапқыда қолымды ұстатқызбайтынмын. Араға 4 ай салып киноға бардық.
Сол жерде бетімнен, артынша ернімнен сүйе бастады. Жігіт болған соң ба, үнемі сүйгісі келіп тұрады. Қазір бетімнен сүюге, орынсыз құшақтай беруге тыйым салдым. Әзірден сүйісе берсек, үш жыл бойы не істейміз?! Менің осы мінезім ұнайды әрі мені дұрыс жолдан тайдырып аламын ба деп қорқады. Өзіме де осы туралы жиі айтып отырады. Бірақ, телефон арқылы мұндай тақырыптарды ұялмай айта береміз. Оны осылай жаныма жолатпай жүргенім дұрыс па? Рұқсат берсем, мені бағаламай кетпей ме? Күлкіге айналдырмай, ақыл-кеңес берулеріңізді сұраймын”, – дейді бойжеткен.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Жас келіншек күйеуін құрбысына қосқысы келген қайын сіңлісі туралы айтты
Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді
21 жастағы студент болашақта тек танымал адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты
Күйеуі белдікпен сабаған жүкті әйел төркініне қайтуға ұялып жүр