Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Намаз оқитын адамнан көп зардап шектім": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірінен сыр шертті

мөлдір әуелбекова әнші Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өмірінен сыр шертіп, қыздарға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жар таңдау кезінде қателеспеуге шақырды. 

“Жігіт намазда екен, қиянат жасамайды” деген сеніммен тұрмысқа шықпаңыздар. Мен екінші рет тұрмысқа солай асығыс шықтым. Бірақ, некеден кейін ғана, мен “намаз” көрсеткіш емес екенін түсіндім. Оған дейін, “намаздағы ер Алланың аманатына қиянат жасауы мүмкін емес” деп ойладым. Бірақ, өкінішке орай, сол адамнан көп зардап шектім. Асықпаңыздар! Жар таудауда қателеспеңіздер!", – деп жазды әнші. 



Желі қолданушысы эстрада жұлдызына “Өзің дұрыс адам болсаң, екі рет ажыраспайтын едің” деп жазды. Алайда Мөлдір оқырманына жауап қатты. 

“Жігер де маған осылай айтып берді. Жарты жыл өтпей жатып, өзі де ажырасып кетті. Алла әр сөзіңді бақылайды. Маған жазғаныңыз өз басыңызға келмейінше, өмірден өтпейсіз. Алланың сондай уәдесі бар”, – деп ренішін жеткізді әнші. 

Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова ата-анасына ерекше сыйлық жасап, зәулім үй салып берген еді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 12:26
Талқылау
`