"Нағыз бақытты түсіндім": Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Танымал әнші Ерке Есмахан бақытты болудың құпиясын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі бойдақ кезін есіне алып, ел алдында жүрген сәттерін сағынатынын жеткізді.
“Бір кездері мен көп жұмыс істеп, талай ұшып-қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде, керім, күштімін, "осы менің бақытым" дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт – ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?”, – деп оқырманына ой тастады әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, дәл қазіргі бақытты сәтін бөлісіп жатыр.
“Қашан сен сияқты, еркелеп жүрер екенмін”, “Бақытты екеніңді сезіну қандай жақсы?!”, “Нағыз бақыт – отбасымызбен түгел отырып, таңғы ас ішу”, “Жақын адамдарымның жанымда болуын тілеймін”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, Ерке Есмахан ажырасқан қыз-келіншектерге қолдау білдіргенін жазған едік.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды