Нағима Есқалиеваның ұлы анасына су жаңа көлік сыйлады
Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев анасына қымбат көлік тарту етіп, қуантты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан кадр
Диас анасының автокөлікті көрген сәттегі әсерін видеоға түсіріп әлеуметтік парақшасында жариялады. Өнер иесі тосынсыйды көргенде таңғалысын жасыра алмады.
“Жаңа көлік пе? Сұмдық-ай, Қытайдың ойлап таппайтыны жоқ. Анау-мынау емес, “космос” қой”, – деген әнші су жаңа темір тұлпарды тізгіндеді.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, аталмыш “Zeekr” спорттық автокөлігінің құны 33 миллионнан басталады.
Анасына қымбат көлік сыйға тартқан Диас Аблаев қошеметтің астында қалды.
“Диас үлгі боларлықтай адам”, “Нағима апай ұлыңызды керемет тәрбиелепсіз”, “Жарайсың, бауырым”, “Құтты болсын”, “Анасына үлкен құрмет көрсеткен ұл болса сендей болсын”, “Нағима еңбегінің жемісін жеді”, – деп жылы лебіздерін білдірді желідегілер.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен