Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нағима Есқалиева атақ үшін өзіне дөрекі ұсыныс жасалғаны туралы айтты

Нағима Есқалиева алғаш рет өзінің жеке өмірі туралы айтып берді. Әнші осы уақытқа дейін екі рет тұрмыста болған. Отбасындағы келіспеушілік салдарынан бірнеше баласын алдыртып тастаған. Мұнымен қатар, Халық артисі атағы үшін төсек қатынасын ұсынғандар да болыпты.

паеп

Фото: instagram.com

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

– Жеке өміріңіз туралы аз айтасыз. Неге?

– Әйел адамның қандай да бір құпиясы болуы керек. Әрине, менің де өмірімде түрлі жағдай болды. Жақсы, жаман, құлап, артынша қайтар жүгірген сәттер де болды. Қызғаныш пен көреалмаушылық та қатар жүрді. Қазір мұның барлығын артта қалдырдым. Ең бастысы, өміріңді қалай сүргенің емес, соңында қандай ой түйгенің. Бірінші күйеуім Саша Аблаев тамаша адам болды. Оған тұрмысқа шыққан кезде 25 жаста болатынмын.

Менен жұлдыз жасады десем артық айтпаймын. Оны жақсы көремін. Ол да мені жақсы көрген шығар. Біз “Гүлдер” ансамблінде таныстық. Тасқын Оқаповтың орнына келген болатын. Оның жүрегін жаулағысы келген қыздар өте көп болды. Ең бастысы, екеуіміз махаббатпен қосылдық. Мен махаббатты бағаламайтын болсам, Халық артисі атағын осыдан 20 жыл бұрын алатын едім. Іштей сондай күйіндім. Тіпті, бұл атақты алған соң да аса қуанбадым. Жоғары жақтан маған осы атаққа байланысты ұятсыз ұсыныстар түсті.

– Қандай әйел болдыңыз?

– Жақсы әйел болдым. Себебі, үйленгенімізге екі ай болғанда мен гастрөлдік сапарға кетіп қалдым. Ақша таптым, ал күйеуім балаға қарап отырды. Бұл оның еркектік намысына тиді деп айта алмаймын. Диас қатты ауырды. Оның жанында екеуіміздің біреуіміз міндетті түрде қалуымыз керек еді. Диатездің салдарынан оның тірі жері болмады десем де болады.

– Екеуің не себепті ажырастыңдар?

– Бір-бірімізді түсінбедік. Оның үстіне менен 7 жас үлкен еді. Мен қыдырып, көңіл-көтергенді ұнататынмын. Оның мені қызғанған сәттері де болған сияқты. Менің де оған сенімсіздік танытқан кездерім болды. Саша менің достарым үшін де, мен үшін де тамаша адамдардың бірі болды. Өмірімде көп бала тумағаным үшін ғана өкінемін. Диас медициналық картамды көріп алып, “Ана, сен түсік тастаған екенсің ғой. Сен солай жасамағаныңда менің інім немесе қарындасым болатын еді” деп айтып отырады. Мен “Иә, бірақ оларды тусам, сен мына жарық дүниені көрмейтін едің” деймін. Әйел адам не мансапты, не отбасыны таңдауы керек. Қазір қандай жағдай болмасын, баланың бірінші орында тұруы керек екенін түсінемін.

– Сұхбаттарыңыздың бірінде “Күйеуім оңбаған адам болды” дедіңіз. Неге?

– Нақты қайсысы туралы айтып жатырсыз? Менің екі күйеуім болды. Бірінші күйеуім тамаша адам болды, екіншісі оңбаған еді. Екеуіміз тек 10 айдай бірге жүре алдық. Қазір сол күндерім үшін қатты өкінемін. Танымал адамның бет-аузы көгеріп жүргені ұят нәрсе. Сондай қорқынышты. Ұяттан жерге кірердей болып кетесің. Онымен бірден ажыраспауыма арамызда болған кей бақытты күндер мен оның қазақтығы себеп болды. Соңында сыйымыз жараспады. Мені себепсіз қызғанды.

Бұл тақырыпта ары қарай айтқым келмейді. Тек қыздарға мұндай адамдардан бірден қашуға кеңес беремін. Бір қол көтерген адам екінші рет те қол көтереді. Еркек “Мен толықтай өзгердім. Бізде барлығы жақсы болып кетеді” десе, мүлдем сенбеңдер. Ал егер кешіретін болсаңдар, ай сайын, жыл сайын төпештей беретін болады. Өкінішке орай, махаббатымыз біз аңсағандай бола бермейді. Мұны өз тәжірибемнен білемін. Мен жанашырлық танытатын артистер бізде өте көп. Мансап пен атақ үшін бірге жүргендер де бар.

– Екінші некеңіздер кейін жүрегіңіз өзге адамдарға ашық болды ма?

– Иә, жүрегім толықтай ашық болды. Махаббат болды, қазір де бар. Өнер адамдары махаббатсыз өмір сүре алмайды. Әдетте маған ұнау өте қиын. Маған ұнау үшін шынайы күле алатын, ақылды адам болуы қажет. Ақшасы болмаса да, сараң болмасын. Мұны барлығына қатысты айтып жатырмын.


Жіберіп алмаңыз:

Гүлнұр Оразымбетова өзін “отбасын бұзған әйел” дегендерге жауап берді

Менің анам мен үшін мінсіз. Айсәуле Бақытбек жан айқайын жеткізді

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Ақын Баянға өлең арнады: Сен жалғыз әйел емессің, байының жеген таяғын

Талқылау