Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нағима оны баса айтпауы керек еді": Рымбаева Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісованың арасындағы дауға қатысты пікір білдірді

ҚР Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева әнші Динара Сәтжанның YouTube арнасына берген сұхбатында Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісованың арасындағы кикілжіңге қатысты пікір білдірді. 

Фото: Видеодан кадр

Айта кетсек, әнші Нағима Есқалиева 70 жасқа толған кезде мерейтойында өнер иесінің қуанышына орай өнердегі әріптесі Роза Рымбаева да тілек айтқан. 

“Халық әртістері көп болсын. Неғұрлым көп болса, соғұрлым олардың арасында шығармашылық бәсеке болады. Бұл қызық. Сахнада Кеңес Одағында халық әртісін алған үш әйел бармыз. Сен, мен және Мақпал. Бірақ үшеуіміз үш түрлі әлембіз”, - деген еді Роза Рымбаева тойда.

Осы кезде сөзге араласқан мерейтой иесі Нағима Есқалиева Мақпал Жүнісованың "Халық әртісі" атағын Одақ тұсында емес, Қазақстаннан алғанын айтады. Кейін бұл сөзге Мақпал Жүнісова ренішін білдірген еді.

Рымбаева осы тұста Нағима Есқалиеваның артық кеткенін мойындады.

“Нағима оны баса айтпауы керек еді. Мақпалдың өз жолы бар. Ол халықтың сүйіктісі. Ол біздің арамыздағы ең сұранысқа ие әртіс. Қандай ән айтуды, кімге айтуды біледі. Сахнада 50 жылдан астам жүрген біздің арамызда өзара түсіністік, сыйластық болуы керек. Мен Мақпалды да, Нағиманы да жақсы көремін. Адамды білмей тұрып, бір сөзіне бола қаралау қажет емес. Нағиманы да, Мақпалды да сыйлаймын. Олармен жақын араласқаныма қуаныштымын.

Осы тұста Динара Сатжан “үшеуіңіз бірге отырып шай іше аласыздар ма?” деп сұрады. 

“Үшеуіміз отырып, бірге шай ішкен емеспіз. Десек те гастрольдерде сапарлас болып қаламыз. Егер қыздар Алматыда болса, мен шайға шақыруға дайынмын. Үшеуіміз шүйіркелесіп отырып, әңгіме айтқанға не жетсін?! Бір ғана нәрсе айтамын, біздің арамызда шығармашылық бәсекелес бар. Оның болғаны да жақсы. Бір өнер жолында жүргенімізбен саламыз әртүрлі. Репертуарымыз бөлек. Даусымыз ұқсамайды. Нағима екеуіміздің достығымыз “Гүлдер” ансамблінен бері келе жатыр”, – деді өнер иесі. 



Сонымен қатар халық әртісі өзі ғана ұлдарын жалғыз өсірмегенін айтты. Әріптестерінің арасында да жалғызбасты ана атанғандар көп көрінеді. 

“Мен атақты болғандықтан, көп ер адам маған сезімін білдіре алмады. Менің танымалдылығым кедергі болды десем, қателеспеймін. Барлығы мені әртіс, жұлдыз әрі қатал адам ретінде қабылдайды. Бәрі салыстырғанда белгілі болады ғой. Мысалы, маған көңіл білдірмек болған ер адамның бірінші сөздерінен-ақ оны күйеуіммен салыстырып отырдым. Қазір тұрмыс құратын жаста емеспін. Ер адамдарға қызығушылығым да жоқ. Нағима да, Мақпал да жалғыз. Мақпалдың жағдайы түсінікті. Заманбек ағаның тағдыры солай болды. Нағиманың жағдайын әлі күнге дейін білемін. Ол өзі ажырасуға шешім шығарды. Жолдасы өнер саласының адамы болды. Музыкант-дирижер еді. Бірақ көзқарасы мен ұстанымдары үйлеспеді. Ұлын жалғыз өсірді”, – деп сырын ақтарды әнші. 

Еске салайық, өнер иесі марқұм жолдасының қазасы туралы айтқан еді. 

Талқылау