Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нағашыларының атымен тарихта қалды": Біржан Хасанғалиев әкесіне қатысты құпияны ашты

Белгілі әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі туралы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/birjan_khassangaliev

Біражан Хасанғалиев әкесі жайлы ел білмейтін дерекпен бөлісті.

“Көбісі білмеуі мүмкін, әкем нағашыларында тәрбиеленіп өскендіктен сол кісілердің атымен тарихта қалды. Негізі туған әкесі Құбаш Ибрашев деген кісі. 24 жасында ауырып қайтыс болған. Қазіргі уақытта әкемнің өміріне және шығармашылығына арналған кітап аяқталуға таяды. Алла жазса, 2024 жылдың басында жарық көреді”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әкесі туралы кітапты жарыққа шығарғалы жатқан Біржан Хасанғалиевке мақтау айтып, сәттілік тіледі.

“Біржантай. Үлкен еңбек істеп жатырсың. Сәттілік тілеймін”, “Ұлы тұлға! Аңыз адам”, “Қазағына өшпес мұра қалдырған дара тұлға, жаны жаннатта болсын”, “Керемет, сәттілік тілеймін”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 

Талқылау