AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырлық футбол жанкүйері Ресейде өтетін әлем чемпионатына велосипедпен жолға шықты

Мысырлық азамат Мұхаммед Нофаль әлем чемпионатын көру үшін велосипедпен жолға шықты. Ол Мәскеуге 65 күн ішінде жетіп, әлем чемпионатының ақтық кезеңіне үлгеруді жоспарлап отыр.

Мысырлық футбол жанкүйері әлем чемпионатын көру үшін велосипедпен жолға шықтыМысырлық футбол жанкүйері әлем чемпионатын көру үшін велосипедпен жолға шықты

Бұл туралы Р-спорт-қа сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Египет құрамасы 28 жылда алғаш рет финалдық кезеңге өткеннен кейін, саяхатқа аттану туралы идея ойыма келді. Дәл осындай саяхат жаңа тәжірибе жинап, рухани жағынан баюға көмектеседі», – дейді ол.

Саяхатың алғашқы кезеңі мысыр жерінде өтеді және ол он күнге жалғасады. Нофаль Каирден Қызыл теңізде орналасқан Нубейба портына аттанбақ. Одан әрі қарай саяхаттаушы Иорданияның Акабу қаласына, артынша астанасы Амманға жол тартпақ.

“Ауа-райы, жол, қауіп – барлығы ескерілді. Бірақ қауіп қашан да бар”, — дейді Нофаль.

Футбол жанкүйері Амманнан Софияға дейін ұшып бармақ, әрі қарай Мәскеуге велосипедпен жол жүрмек. Бұл аралықта ол Румыния, Молдавия, Украина елдерінен өтеді.

Жоспар бойынша, Нофаль 31 мамыр күні Ресей шекарасынан асып өтпек, ал 7 мамыр күні Мәскеуге жетпекші. Ал үйге Мысыр құрамасымен бірге арнайы рейспен оралуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Ресей тарихында алғаш рет әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусымы мен 15 шілдесі аралығында 11 қалада өтеді.

Тағы оқыңыз: 

Алматыда үй мысығы тиіннің баласын асырап алды

Бойжеткен 120 жылдық тарихы бар той көйлегін киген 11-ші отбасы мүшесі болды (фото)

Әкесі телефоннан бас алмайтын балаларымен сөйлесу үшін YouTube желісінен арна ашты

Әлемде баяу қартаятын халықтар да бар

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр