Мысырлық ауыр атлет Рахимовты допинг қолданды деп айыптады
77 келіге дейінгі салмақта қоланы еншілеген мысырлық ауыр атлет Мохаммед Махмуд жарыста жеңіске жеткен қазақстандық Нижан Рахимовтың жетістігіне күмәнді екенін жасырмады.
Бұл туралы Еуроспорт хабарлайды.
«Бірнеше допинг бақылаудан өткеннен кейін біраз жағдай өзгеруі мүмкін. Рахимов осындай қысқа уақытта өз нәтижесін бірден жақсартуы мүмкін емес», – деді Мохаммед.
Рахимов 379 келі нәтиже көрсетіп, алтын ұтты. Мысырлық зілтеміршінің нәтижесі – 361. Күміс жүлдегер (379 келі) қытайлық Лю Сяоцзюнь Рахимовтан салмағы ауыр болғандықтан, жол беруіне тура келді.
Еске салсақ, Нижат Рахимовқа байланысты 2013-2015 жылдар аралығында допинг-сынама оң нәтиже беріп, жарыстан шеттетілген.
Талқылау