Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұсылмансың ба, индуиссің бе?": Үндістандық туристер қазақстандықтарды дінге бөліп, тіл тигізді деп айыптады

үндістандықтар қазақстандықтарға наразы

Фото: Видеодан скрин

Үндістаннан келген туристер индуист болғаны үшін қазақтардың бөліп, жекесіне өтіп, тіл тигізгенін айтып, наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үндістандықтармен болған жағдайды TikTok желісінің қолданушысы жазды. Жазбаға сенсек, Қазақстанға келген үндістандықтар Қайыңдыға барған. Сонда жүріп жергілікті тұрғындардың орынсыз әрекетінің куәсі болған.

“Ұлттық киіммен суретке түсіретін жергілікті тұрғындар туристерге “Сен кімсің, мұсылмансың ба, әлде индуиссің бе?” деген сынды орынсыз әрі дөрекі сұрақтар қойған. Олардың индуист екені белгілі болған кезде, қарым-қатынасы күрт өзгеріп, жекесіне өтіп, тіл тигізген”, – делінген жазбада.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан орынсыз қылық көрсеткен тұрғындардың бейнесін көруге болады.

Бейнежазбаның астына пікір қалдырғандар екіге бөлінді. Бірі жергілікті тұрғындардың әрекеті үшін кешірім сұраса, енді бірі Қазақстанды ұнатпаған туристерге мұнда келмеуді ұсынды.

“Бүкіл қазақ халқының атынан кешірім сұраймын. Мұндай жағдайға тап болғандарыңыз өкінішті”, “Қонақтарға тіл тигізіп, қорлағандардың жауапқа тартылуын сұраймыз”, “Бұлай істеуге болмайды. Әйтпесе, бізге шетелден туристер келмей қояды”, “Неге “кетіңдер” деп жатырсыңдар? Біз қонақжай халықпыз, бізде туризм дамуы керек”, “Естеріңде болсын, туристің ұлты мен діні болмайды”, “Ұнамаса, кете бер”, “Мұсылман екеніміз ұнамаса, бастарың ауған жаққа кетіңдер”, – деп жазды желі қолданушылары.

@avakriyev_

Недавно произошла неприятная ситуация: несколько туристов из Индии посетили Казахстан и отправились на озеро Каинды — одно из наших самых известных и красивых мест. Там они столкнулись с некорректным поведением со стороны некоторых местных жителей, оказывающих услуги фотосъёмки в национальных костюмах. Туристам начали задавать неуместные вопросы в грубой форме: «Ты кто — мусульманин или индуист?» Когда выяснилось, что они индуисты, отношение к ним резко изменилось — в их сторону прозвучали оскорбления и пренебрежительные фразы. Это недопустимо. Мы понимаем, что в Казахстане людей часто «встречают по одёжке», но уж точно не по вероисповеданию. Мы хотим, чтобы те предприниматели или сотрудники, которые попали на это видео, увидели себя со стороны и поняли: так себя вести нельзя. Нужно демонстрировать достойное, уважительное отношение — особенно к гостям нашей страны. Тем более, это видео уже набрало более 1,2 миллиона просмотров за 3 недели на индийской платформе. Оно набирает охваты и вызывает резонанс. Сегодня в Казахстан массово приезжают туристы из Индии. И нам, как представителям страны, очень обидно: столько усилий уходит на продвижение нашей культуры и красоты, и вот подобные инциденты портят общую картину, подрывая доверие и уважение. Вы не поверите — в Индии казахов действительно любят, уважают и ценят. И, конечно, индийские туристы ожидают такого же тёплого приёма у нас, в Казахстане.

♬ оригинальный звук - Volshebnik_frd

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 12:27
Талқылау