Мұсылмандар үшін CS2 және Dota 2 ойнауға тыйым салынған – ҚМДБ
Фото: CS strike/Dota
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылмандарға Counter-Strike 2, Dota 2, GTA, League Of Legends, Minecraft және genshin Impact сияқты ойындарды ойнауға тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Курсив сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚМДБ зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, соғыс, құдайға қарсы немесе дінді мазақ ету көріністерін қамтитын барлық ойынға қатаң тыйым салынғанын атап өтті. Сондай-ақ ойында құмарлық болмау керек дейді.
"Ойында құмар ойын элементтері болмауы керек. Құранда "Уа, Аллаға сенгендер! Мас ететін сусындар, құмар ойындар, пұт – бұл шайтанның істері. Одан аулақ болыңыз!” делінген.("Әл-Маида" сүресі, 90-аят)", – деп түсіндірді мүфтият.
"Криптовалюта – харам": ҚМДБ биткоинді не үшін қолдануға болмайтынын түсіндірді
Әйелдерге тек күйеуінің және жақын адамдарының алдында ғана макияж жасауға рұқсат етіледі – ҚМДБ
Counter-Strike 2, Dota 2, GTA сияқты ойындарда зорлық-зомбылық элементтері және ислам нормаларына сай емес контент бар. Сол үшін мұсылмандарға мұндай ойындарды ойнауға тыйым салынады.
"Ал логикалық, миды дамытатын, ақпараттық ойындарға рұқсат етілген деп саналуы мүмкін. Пайғамбардың хадисін еске алайық: "Жүрегімізді мезгіл-мезгіл демалтып тұрайық, бірақ демалыс рұқсат етілген деңгейден асып кетпесін”. Яғни ойындар арқылы демалуға болатынын көреміз", – деп қосты ҚМДБ.
Ведомство компьютерлік ойындарға жалпы тыйым салынбағанын еске салды. Бастысы дінге қайшы келмейтін, құмарлық элементтері мен балағат сөздер жоқ болса болды. Сондай-ақ көп уақыт арнамау керек.

"8 жасар балам "гей" боламын деді": Қазақстандық блогерді ұлының тосыннан айтқан әңгімесі таңғалдырған (видео)
