Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұрнын сындырып, мылтықпен қорқытқан": Ақтауда жағажайда қызды ер адам соққыға жыққан (видео)

Ақтауда жеке жағажайлардың бірінде құрбысы, әпкесі және баласымен демалып жатқан тұрғынға белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Lada.kz

Шабуылға ұшыраған қыз жағдайдың мән-жайын айтып берді. Жәбірленуші сол күні баласымен, әпкесімен және құрбысымен жеке жағажайда демалып жатқан. Олардың демалысын жақын маңда отырған бір топ әйелдер бұзған.

"Олар бізді видеоға түсіріп, күлді. Әпкем оларға ұрысып, жанжал шықты. Ол кезде мен баламен отырғанмын. Сосын жағдайға араласып, оларды тыныштандыру үшін жандарына келдім. Сосын алдымнан мас ер адам шығып, бетімнен ұрды. Жерге құлап, мұрным сынып, бетім қанға боялды. Ол сонда да тоқтамай ұра берді", - дейді әйел. 

Фото: Lada.kz

Жәбірленушінің әпкесі шабуылдаушыны физикалық түрде тоқтата алмай, оны ұялы телефонға түсіріп алған. 

"Ол оның телефонын тартып алып, теңізге лақтырып жіберді. Ал қасында тұрған жігітке көліктен мылтық әкелуді бұйырды. Осыдан кейін полиция шақырдық. Сосын ол кетіп қалды", – дейді жәбірленуші.

Қыз ауыр жарақат алып, ауруханаға ес-түссіз күйде түсіп, бір апта бойы сол жерде болған.

Фото: Lada.kz

"Денсаулығыма айтарлықтай зақым келді. Мұрын сынған, ұзындығы 4,5 сантиметр кесілген. Меніңше оның қолында өткір зат болған сияқты. Алайда полицейлер оған жеңіл айып тағып отыр. Менің ойымша, тергеу дұрыс жүргізілмеді. Осы уақыт ішінде ол кешірім сұрамады және істеген ісіне өкінбейтін көрінеді", - дейді жәбірленуші.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті анықталды. Сараптама тағайындалды.

Талқылау