Мұратхан Тоқмәди ҰҚК қызметкерлерінің азаптауына қатысты істе жәбірленуші деп танылды
Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің азаптауына қатысты істе зардап шегуші деп танылды. Бұл туралы оның жұбайы Жәмила Айымбетова-Тоқмәди мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жәмила Айымбетова-Тоқмәдидің сөзінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арыз түсірген 7 айдан кейін сотқа дейінгі тергеу басталған. Өз арызында Тоқмәди ҰҚК басшыларының Ержан Тәтішевтің өліміне қатысы барын мойындату үшін азаптап, психотроптық дәрілерді бергенін жазған.
Кәсіпкердің жұбайы жариялаған хабарламада Мұратхан Тоқмәдиге келтірілген физикалық зиянды негізге ала отырып зардап шегуші ретінде мойындалғаны көрсетілген.
Ержан Тәтішев 2004 жылы аңшылық кезінде басына оқ тиіп көз жұмған. 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди қылмысты Мұхтар Әблязовтың тапсырымен жасағанын мәлімдеді. 2018 жылы ол 10,5 жылға бас бостандығынан айрылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген