Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты тараған ақпараттан кейін жұрт алдына шықты

министрФото: Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу журналист Гүлнар Бажкенованың ("Orda" және "Bazhkenova vs.") ресурстарында таратылған өзінің ұсталғаны туралы ақпараттан соң халық алдына шықты. Министр "Harvest Group" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Альсеновпен кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тараптар агро-индустриялық кластерді құру барысын талқылады. Алғашқы кезеңде инвестициялық жоба Жетісу мен Алматы облыстарын қамтып, 150 мың гектар шалғайдағы және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыруды көздейді. Жалпы жобаны жүзеге асыру аясында заманауи су үнемдеу жүйелерін қолдана отырып, 300 мың гектар жерді игеру жоспарланған.

министрФото: Сыртқы істер министрлігі

Министр жобаны одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ компанияның Қазақстанның бірқатар өңірлерінде туризм және спорт салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары белгіленді.

министрФото: Сыртқы істер министрлігі

СІМ басшысы бұл жобалардың ішкі және кірме туризм үшін, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру үшін өсу мүмкіндігіне айналу әлеуеті бар екенін баса айтты. 

Айта кетейік, кеше Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарғанын жазған едік.

Айнұр Мұхади
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 15:04
Талқылау