Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Топпен бірге мыңнан аса қыз зорлаған азаматтың әйелі зорланған қыздардың өзін кінәлады

Бандалық топқа кірген пәкістандық азамат Ротерхэм қаласында 16 жыл ішінде 1400-ден аса ақ нәсілді қызды зорлаған. Оның әйелі бұған зорланған қыздардың өзі кінәлі екенін айтты.

Суджу есімді әйел зорланған қыздарды «бұзылған» деп атады.

«Олар ашық-шашық киінеді. Оларды ұят деген, Алладан қорқу деген жоқ», – дейді ол.

Әйелі зардап шеккен қыздардың күйеуін дуалап тастаған болуы мүмкін екенін айтты. Айтуынша, осы себепті күйеуі жалғыздан-жалғыз, ақшасыз қалған екен.

Айта кетейік, 2014 жылы британдық құқық қорғаушылар Ротерхэм қаласында 1997 жыл мен 2013 жыл аралығында  1,4 мың қыздың зорланғанын мәлімдеген. Оларды пәкістан азаматтары зорлады деген күдік болды.

Екі жылдан соң полицейлер 2 мыңнан аса адамның түрмеге жабылғанын айтты. Алайда зорлыққа түскендер екі жыл ішінде жағдайдың оңалмағанын айтып шағымданды. Бірақ жергілікті билік оларға көз жұма қарады. Ослайша кәмілетке толмағандарды зорлаған қылмыскерлер сол күйі бостандықта қала берді.

Тағы да оқыңыз:

Сирияда Қазақстаннан шыққан ДАИШ командирінің көзі жойылды

7-сынып оқушысы жалаңаш күйінде педофилден қашып құтылды

Ажалдан аман қалған имам өзін пышақтаған қылмыскерге кешірім берді

Талқылау