AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнайдан енді түсетін пайда халыққа жұмсалады деген үміт бар – Экономист болжамы

Украинаға қарсы шабуыл жасап, соғыс бастаған Ресейге Америка мен Батыс елдері қатаң санкциялар салды. Джо Байден "енді Ресейден мұнай алмайтынын" ашық айтты. Бұл Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Маманның айтуынша, Ресей "әлемдік мұнай саласындағы үлкен ойыншы". Алдағы уақытта Ресейден ешкім мұнай алмайтын болса, бұл әлемде энергетикалық ресурстарға деген тапшылықты тудырады. Ал ол белгілі бір дәрежеде бағалардың өсуіне алып келеді. Қазірдің өзінде мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткішке дейін жетті. 

"Мұның барлығы Ресейге қойылған шектеулермен байланысты", –  дейді Мақсат Халық. 

Экономистің сөзіне сенсек, “осы жерде Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік бар”. Бұған дейін АҚШ билігі Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсер етпейтінін айтқан еді. Бұл орайда маман: "Мұнай бағасы бюджетте 60 доллар деп бекітілсе, оны 120 доллардан саттық дегеннің өзінде ол Қазақстанның экспорттық әлеуетін жақсартады. Біздің алтын валюталық қорының, оның ішінде ұлттық қордың резервін арттырады. Бюджеттік кіріс те артады, ішкі өнімнің өсуіне әсер етеді", – дейді.



Бұған дейін берген сұхбатында Мақсат Халық қазақстандықтардың неге арабтар сияқты шалқып өмір сүрмейтінін түсірдірген еді. Ол мұнай саудасынан түсетін пайданың 80 пайызын шетелдік компаниялар, ал қалған 20 пайызын ғана Қазақстан алатынын атап өтті. Оның өзінде "қара алтыннан" түсетін пайданы тек олигополия өкілдері көріп келді, дейді маман. Ал ендігі жағдайда барлығы өзгеруі мүмкін екенін алға тартты.

"Президентіміз олигополиямен күресіп жатса, енді түсетін пайда белгілі бір дәрежеде халыққа қарай жұмсалады деген үміт бар. Яғни бюджеттің кірісі артатын болса, онда халықтың табысын арттыруды қарастыру қажет", – деді Мақсат Халық.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр