Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

24 шілдеде Семей қаласының сотында Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мұхтар Жәкішев

Сот өтінішті қанағаттандырмады. Еске салсақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға сотталған. Ол жымқыру және пара алу үшін кінәлі деп танылды.

Өткен жылы Жәкішев колонияда отырғанда үнемі дәрі қабылдайтыны туралы хабарланған болатын. Алайда бас прокуратура сотталушыны ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін айтты.

Өткен жылы сот Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін де қарағанымен қабылдамады. Бас тарту себебі Жәкішевтің келтірілген шығынның бір теңгесін де өтмеуі себеп болды.

«Мұхтар Жәкішев тек іс жүргізу шығындарын төледі. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 99,6 млрд теңгені құрайды», - деді судья бас тартудың себебін түсіндіре отырып.

Естеріңізге сала кетсек, сотталған Мұхтар Жәкішевтің анасының дүниеден озғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау