Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен ешқандай кепіл бермеймін": Мұхтар Тайжан неліктен Марғұлан Сейсембайды қорғамайтынын айтты

ҚР қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан неліктен Марғұлан Сейсембайды қорғап жатқан жоқ деген айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тайжан, Шораев , Марғұлан

Еске салайық, қазіргі таңда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі "Алель Агро" ұйымына бөлінген мемлекеттеік субсидияны алаяқтықпен жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Осыған байланысты ұйымның акциялары тиеслі мекеме қызметкерлердің барлығы жемқорлыққа қарсы қызметтің назарына ілініпті. Олардың ішінде танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай да бар көрінеді. 

Сейсембайдың сөзіне сүйенсек, осымен бірнеше күн бойы оның үйін агенттік қызметкерлері торуылдапты. Кәсіпкер болса өзінің кінәсіз екендігін айтып шырылдауда. Тіпті, ол бірнеше халықаралық ұйымдарға хат жолдап үлгеріпті. 

Осы жағдайға байланысты Марғұлан Сейсембайды жақтаушылар Мұхтар Тайжанға неге оны қорғамайсыз деп жаппай хат жолдап жатқан сыңайлы.

Өз кезегінде қоғам қайреткері бұл жағдайға байланысты пікір білдірді. 

"Менен барлығы "сіздің Марғұлан Сейсембаймен суретіңіз бар ғой, неге оны жақтамайсыз" деп сұрап жатыр. Сіздерге айтарым менің танымал адамдармен суретім көп, енді олардың әрбірі үшін бас ұрып, жүгірмеймін ғой. Суретім бар, амандық болса, тағы түсерміз", - дейді Тайжан.

Бұған қоса ол Сейсембайдың "Алель Агродағы" үлесі тек 22 пайыз екенін айтып өтті. 

"Мен әрбір адамға қолдау көрсете алмаймын. Оған қоса мұндай қомақты сома жайлы айтылып жатыр. Мемлекеттің жыл сайын аударатын миллиардтаған ақшасы жымқырылған. Бұған қоса Сейсембай ақшаны өзі емес, менеджмент жұмсағанын айтты. Енді мен ұйымның менеджментін қорғайын ба?" -дейді ол. 

Сөзінше, ол бұған дейін  ақша жымқырды деп айыпталған адамды қорғай алмайды екен. Қоғам қайраткері ел есіне Альянс банкқа қатысты дауды түсірді.

"Мен біреудің ақшасын құртты деп айыпталған адамды үзілді-кесілді жақтай алмаймын. Бұл кезде ол, тіпті, қоғамға әлі танылмай тұрған. Банк ақшасы - ол салымшылардың қаражаты. Банкир, кәсіпкер салық төлеушілердің ақшасы қайда кеткенін айтып, жауап беруі керек. Мен, керісінше, халықтың жоғалған ақшасы қайда кеткені анықталсын деймін", - деді Тайжан. 

Бұған қоса ол Марғұлан Сейсембайдың жақтаушыларына жүгінді. 

"Мен халықтың жағындамын.  Сол себепті, Сейсембайды жақтаушылар маған ренжімесің, мен одан да шынымен көмек қажет адамдарға жәрдемдесейін", - депті Тайжан. 

Атап кетерлік жайт, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай 2011 жылы "Артылған сенімді асыра пайдаланды деген" бап бойынша айыпты деп танылып, екі жылға шартты мерзімге кесілген. 

Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Тайжан белгілі журналист, ҚР ұлттық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі. Арман Шораевтың ісіне байланысты ресми сенімхат жазған еді. Қазіргі таңда жалған ақпарат таратты деп айыпталған журналист изолятордан босатылған

 

Талқылау