Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
Ақын Мұхтар Шахановтың жары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі қаралы хабарды жеткізді.
"QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай университет ұжымы мен білім алушылары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханованың дүниеден өтуіне байланысты туған туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Розалинда Шаханова – 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"