Мұхаммед, Айлин, Айсұлтан: 2024 жылы Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер аталды
2024 жылы Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге қойылған танымал есімдердің рейтингі шықты. Салыстырмалы түрде есімдер айтарлықтай өзгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ұлдарға арналған есімдердің ішінде көш басында Мұхаммед тұр. Ол 2014 жылдан бері рейтингтің басында келе жатқан Әлихан есімін бірінші позициядан түсіріп тастады. Бұрын топ онда болған Нұрислам есімі 2024 жылы тізімнен шықты.
2024 жылы ұлдарға арналған ең танымал 10 есім:
- Мұхаммед (3 633 адам);
- Айсұлтан (2 862);
- Әлихан (2 719);
- Мұхаммед (2 712);
- Омар (2 484);
- Алдияр (2 295);
- Әмір (2 266);
- Алан (2 259);
- Али (1 912);
- Хамза (1 857).
Үздік ондықтағы қыздар есіміне Мариям кірді. Ол Амина есімін ығыстырып шығарды. Тізімдегі бірінші орын Айлин есімімен қалды.
2024 жылы қыздарға арналған ең танымал 10 есім:
- Айлин (5578 адам);
- Медина (5417);
- Асылым (5020);
- Айша (4493);
- Томирис (3369);
- Аяла (2986);
- Айым (2875);
- Мариям (2794);
- Раяна (2782);
- Сафия (2775).
Талқылау
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр
Желі қолданушысы: “Бұл биліктің назарды мәселеден басқа нәрсеге бұруы”
Үш күн ұйықтамай жасадық – Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасының жетекшісі
App Store-дың жалпы рейтингінде көш бастаған Aleem қосымшасының негізін қалаушымен сұхбат